«СӨЗДЕРДІ ТАПТАСТЫРУ ПРИНЦИПТЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ
Қорқыт ата атындағы ҚМУ қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының профессоры, ф.ғ.д. Жеңіс Сәдуақасұлы факултет студенттеріне «Сөздерді таптастыру принциптері» тақырыбында ашық дәріс өткізді, деп хабарлайды университеттің баспасөз қзыметі.
Дәріс барысында түрколог ғалымдардың еңбектері негізге алынып, жеке-жеке талдау жасалды. Соның ішінде А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, Н.Оралбаева сияқты ғалымдар еңбектерінің ерекшеліктеріне тоқталды. Семантикалық принцип бойынша сөздің лексикалық мағынасы, морфологиялық принцип бойынша сөздің түрлену жүйесін басшылыққа алынатындығы, ал синтаксистік принцип бойынша сөздің қай сөйлем мүшесі болуына сүйенетіндігі айтылып, тілдің грамматикалық құрылысы, оған тән басты ұғымдар, грамматикалық мағына мен грамматикалық форма мәселесі де айтылды. Ж.Сәдуақасұлы тақырыпқа байланысты өзіндік ғылыми көзқарасы мен ұстанымын білдіріп, тақырыпқа байланысты студенттердің сұрақтарына жан-жақты жауап берді.