Қызылордада ірі мөлшерде есірткі тасымалдаған адам сотталды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық соты ірі мөлшерде есірткі тасымалдаған адамға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ол зат жүргізуші орындығының астынан табылды. Шөп ұнтағына тиісті сараптама тағайындалды. Қорытынды бойынша полиэтилен пакетке салынған ұнтақ салмағы 1268,92 келіні құрайтын марихуана екені анықталды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Аталған дерек бойынша күдіктінің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу-тексеру амалдары жүргізілген. Аудандық соттың үкімімен күдікті 3 жылға бас бостандығынан айырылды.