Қазақстанда шапалақпен ұрудан тұңғыш рет турнир өтеді
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Мұндай турнирлер АҚШ-та өте танымал. Былтырдан бері Ресейде де бірін-бірі шапалақпен ұрудан чемпионат өте бастады. Енді Қазақстанда да мұндай чемпионат өткізілетін болады, деп хабарлайды KTK.KZ.
Көңіл көтерудің мұндай әдісін екі жас жігіт – Әділхан Шуканов пен Сергей Швец ойлап тауыпты.
«Жарыс өткізудің нақты ережелерін енгіздік, әлеуметтік желілерде топтар құрдық. Бәрі сәтті шықса, турнир өтеді. Көңіл көтеруге де, табыс табуға да мүмкіндік», – дейді Әділхан.
Сергейдің айтуынша, жарыс ережесі өте қарапайым.
«Біріншіден, қатысушылардың жасы 18-ге толған болуы тиіс, екіншіден, ешкім ауыр жарақат алып қалмауы үшін шапалақ-соққы толық алақанмен емес, саусақ ұштарымен жасалады. Жекпе-жек бес раундтан тұрады, қатысушылардың бірі жеңілісін мойындамаса, жеңімпазды бес раундтан кейін төрешілер анықтайды», - дейді Сергей.
Ұйымдастыршулардың айтуынша, турнирде медициналық қызметкер болады. Алайда өзге елдердің мұндай турнир өткізу тәжірибесі көрсеткендей, шапалақтан ауыр жарақат бола қоймайды.
Мұндай турнирлер АҚШ-та өте танымал. Былтырдан бері Ресейде де бірін-бірі шапалақпен ұрудан чемпионат өте бастады.