Бұршақ, жауын, тұман - жұмаға арналған ауа райы
oldkaz.kyzylorda-news.kz. «Қазгидромет» РМК 7 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атмосфералық ауа ауа ағындардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, жаңбыр жауады, тек батыста және оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Республиканың кей аймақтарында найзағай, желдің күшейеді, шаңды дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстікте кей жерлерде - тұман түседі.
Солтүстк Қазақстан, Қостанай облыстарында тұман, дауыл күтіледі, бұршақ жауы мүмкін. желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дауыл, күндіз бұршақ болуы мүмкін, жел 15-20 жылдамдықпен соғады.
Павлодар, Ақмола облыстарының кей жерлерінде - дауыл, жел, бұршақ болады.
Жамбыл, Түркістан, Ақтобе, түнде Алматы, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Күндіз Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады, Қызылорда облысында екпіні 23 м/с күтіледі.
Ал Маңғыстау, Атырау облыстарында қатты ыстық болады.
Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қауіпі сақталады.