Қызылордада екпінді жел және шаңды дауыл тұрады
oldkaz.kyzylorda-news.kz. «Казгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының хабарлауынша 7 маусымда күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі.

Осыған байланысты Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуын ескертеді.