«Көкнәр - 2019»: Есірткіге қарсы бірлескен күрес басталды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастамасымен «Көкнәр-2019» жедел профилактикалық іс-шарасының ашылуы қарсаңында нұсқаулық кеңес өтті. Онда Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Байжан Байгелді төрағалық етті.

Мәселен, есірткі алқаптарын анықтау және жолын кесу бағытында тек ішкі істер органдарының күшімен ғана емес, басқа да құзырлы органдарды жұмылдырып, есірткі алқабы анықталған жер учаскесінің иесіне шара көруді, нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбаған қожалықтың жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару мәселесі қаралды.
Сонымен қатар, аумақтағы ауылшаруашылық, жер қатынастары, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, су ресурстарын қорғау инспекцияларының қызметкерлері, қорықшы, жер телімдерін жалға алушылар құрамында есірткі бар өсімдіктер егіп, өсіру белгілері бар алқап анықталған жағдайда аудандардағы жергілікті полиция бөлімдеріне хабардар етіп, ақпарат алмасу ұсынылды.