Алдағы үш күнде елімізде жаңбыр жауады
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Синоптиктер 6-8 маусымға арналған ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

«Еліміздің солтүстігінде жоғарғы циклонның ықпалынан кей жерлерде қатты нөсер жауады. Ауа температурасы төмендейді, көпжылдық нормадан 2...5°С градусқа төмен болады. Ал батыс өңірлерде жоғарғы атмосфералық қысым таралады, сондықтан ол жақта күн райы ашық, температура климаттық нормаға жақын болады», делінген хабарламада.