Аудан әкімдері жемқорлыққа қарсы клуб мүшелерімен кездесті
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының аудан әкімдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал ұрпақ» клубтарының мүшелерімен кездесті.
Алғаш рет ұйымдастырылған кездесулер бейресми, еркін форматта өтті.Аудан әкімдері клуб мүшелерін патриот болуға, адал еңбек етуге,сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікке шақырды.
Клубтың белсенді мүшелері әкімдерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан жұмыстары туралы сұрақтарын қойып, ұсыныстарын айтты.
Олар тек білім саласы мен мектеп қабырғасындағы ғана емес, қоғамдағы өзекті деген түрлі салалардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша пікірлерін ашық білдірді.
Бүгінгі таңда, Қызылорда облысындағы 264 білім ордасында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтары құрылған. Клубтарда 16000-нан астам мүше тіркелген.