6 маусым: Атаулы күндер мен оқиғалар
Қазақстанда Қаржы полициясының күні
1994 жылғы 6 маусымда Қазақстан Республикасы Үкiметiнің қаулысымен Қаржы министрлiгiнiң салық қызметi құрамында Салық милициясы басқармасы құрылды. 2011 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің № 164 Жарлығымен Қазақстан Республикасындағы кәсіби және өзге де мерекелердің тізіміне 6 маусым - Қаржы полициясының күні енгізілді.
2005 жылы ҚР Үкіметінің № 563 Қаулысымен «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» Ұлттық компаниясы» РМКК «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ болып өзгертілді.
2012 жылы Халықаралық банкнот қоғамдастығы (IBNS) байқауының қорытындысы бойынша «10 000 теңге» банкноты 2011 жылдың үздік банкноты атанды.
2012 жылы Бейжіңде қазақ-қытай іскерлік кеңесін құру туралы меморандумға қол қойылды.
2014 жылы Сырдария арқылы өтетін көпірдің құрылысы басталды.
2017 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қытай тіліндегі таңдамалы еңбектер жинағы жарық көрді. Еңбектер жинағы Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің қолдауымен дайындалған. Оны Қытай әлеуметтік ғылымдар академиясы (Бейжің қ.) қытай тіліне тәржімалап, баспадан шығару жұмыстарын жүзеге асырды. Жинаққа әлем жұртшылығы елеулі жаңалық ретінде қабылдаған және олардың үлкен қызығушылығын тудырған Елбасының Жолдаулары, мақалалары және сөйлеген сөздері енді.
2017 жылы 16 жастағы қазақстандық оқушы Давид Кнышенко төтенше жағдай кезінде пайдалану үшін «Fast Helper» ұялы қосымшасын жасады. Оның жобасы «Ашық үкімет» порталы деректерін қолдану конкурсында үздік деп танылды.