Қазгидромет маусымның 5-сі күнгі ауа райы болжамын жариялады
oldkaz.kyzylorda-news.kz. «Қазгидромет» РМК-сы маусымның 5-сі күнгі ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, атмосфералық ауаның фронтальды бөліктерінің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа-райы құбылып тұрады.
Кей жерлерде жаңбыр жауады, солтүстік өңірдің кей аумақтарында жаңбыр мол көлемде жауады. Тек республиканың батысы мен оңтүстігінде ғана күн жауын-шашынсыз болады.
Республиканың бірқатар аумақтарында найзағай ойнап, жел күшейеді, шаңды дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстікте кей жерлерде тұман түсуі ықтимал.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, дауыл тұрады. Сондай-ақ бұршақ жауып, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады, күндіз екпіні 25 м/с-ке дейін күшейеді. Күндіз кей жерлерде дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін.
Қарағанды облысының кей жерлерінде дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с жылдамдықпен жүйткиді.
Павлодар, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді. Күндіз кей жерлерде дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін.
Алматы, Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Бұршақ жаууы мүмкін.
Түркістан облысының бірқатар аумақтарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз дауыл тұруы мүмкін.
Күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде жел секундына 15-20 жылдамдықпен соғып, екпіні 23 м/с-ке жетеді. Сондай-ақ шаңды дауыл көтеріледі.
Атырау, Ақтөбе, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Маңғыстау облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсіп, күндіз желдің екпіні15-20 м/с-ке жетеді.
Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде күн қатты ысиды.
Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде өрт қауіпі сақталады.