Қазақстан полициясы күшейтілген режимге көшеді
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Сайлау күні қарсаңында Қазақстанның барлық аумағында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Операция 6 маусымға дейін жүргізіледі. Сайлауға байланысты 7-12 маусым аралығында барлық полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді", - деді Тұрғымбаев үкімет кулуарында.
Ол 8 маусым тыныштық күні екенін, сондықтан үгіт-насихатқа тыйым салынғанын еске салды.
"9 маусымда сайлау, ол өте ерте басталады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін біздің патруль барлық дерлік жерде жұмыс істейді. Бұл сайлау кезінде өткізілетін қалыпты шаралар", - деп сендірді министр.
Тұрғымбаевтың айтуынша, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 21 мың полицей жұмылдырылмақ.