Қазақстан туында қызыл түс болғаны рас па?
oldkaz.kyzylorda-news.kz. 1992 жылдың 4 маусымында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы туралы", "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы туралы" және "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранының музыкалық редакциясы туралы" заңдарға қол қойды. Осыдан бастап 4 маусым ҚР рәміздер күні аталып келеді.
Қазіргі рәміздер құрылымының 27 жыл бұрынғы нұсқадан айырмашылығы бар. Мысалы мемлекеттік туда екі емес үш түс болған. Аспан түсі көгілдір, Күн мен қыран құс алтын түстес және ою-өрнектер қызыл түсті болған екен. 4 маусым күнгі алғашқы таныстырылым кезінде дәл осы үш түсті нұсқа көрсетілген.
Шәкен Ниязбеков қызыл түсті таңдағанда Орта Азияда пайда болған қызғалдақ гүлінің түсін негізге алған екен. Кейін автор шешімімен қазіргідей екі түс қана қалдырылған. Халықаралық PANTONE түстер Атласында Қазақстан туындағы қазіргі көгілдір және алтын түстер №3125U және №102U деген нөмірге ие. Конституцияда бекітілген стандартқа сай, дәл осы екі түс қолданылуы тиіс.
Тәуелсіздік алған соң, Мемлекеттік рәміздерді қабылдауалды кеңес құрылған еді. Кеңес тынымсыз еңбек етті. Себебі олардың қарауына мемлекеттік тудың 1200 нұсқасы ұсынылған болатын. Одан бөлек, елтаңбаның 245, әнұранның 750 нұсқасы ұсынылған.