Жұлдыздар не дейді?
oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 4 маусымға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Тоқты
Өзіңізге қымбат жандармен тез тіл табысасыз. Осы жағдай арқылы бұрын орын алған мәселелерді шешуге мүмкіндік туып тұр. Дәл қазіргі сәтте екі жаққа да тиімді шешім шығаруға болады.
Торпақ
Күніңіз жемісті әрі, сәтті басталмақ. Өзіңізге маңызды шаруаларда табысқа жетесіз. Бірақ жолыңыздың болғаны туралы ешкімге тіс жармаңыз. Сонымен қатар жоспарларыңыз туралы да айтпаңыз.
Егіздер
Жан-жағыңызға сақтықпен қараңыз. Дәл қазір сізге ұсақ-түйек болып көрінген мәселе кейін өміріңізде маңызды рөл атқаруы мүмкін. қандай жұмыспен айналыссаңыз да жалқаулыққа салынбаңыз.
Шаян
Майда-шүйде мәселелер орын алады. Бүгін сондай-ақ болашақта серіктес болатын жандармен танысасыз. Олармен жұмыс жасау қызықты, әрі оңай болады.
Сізді кешке тосынсый күтіп тұр.
Арыстан
Маңызды мәселелердің шешімін тауып, жұмыста жетістікке жетесіз. Жетістікке жету оңай болмайды, дегенмен сіз көп еңбектенетін боласыз. Сонымен қатар түстен кейін қажетті қаражат қолыңызға тиеді.
Бикеш
Қиын тапсырмаларды орындауға тура келеді. Өзгелердің атқаруы тиіс шаруаларды да өз мойныңызға алуға қорықпайсыз. Жауапкершілік жүгін түсіне аласыз. Жаңашылдыққа бет бұру қажет.
Таразы
Ештеңеден қорықпаңыз. Таңертеңгілік уақытта аздаған қиындықтар туындауы мүмкін, бірақ барлығы дер кезінде өз шешімін табатын болады. Бүгінгі күннің соңына дейін табыстан табысқа жетесіз. Сәттілік серігіңіз болады.
Сарышаян
Өз-өзіңізге демалыс жариялаңыз. Егер жұмысты кейінге қалдыру мүмкін болмаса, онда өзіңізді көп шаршатпай, маңыздыларына ғана көңіл бөліңіз. Маңызды кездесулер алдында өзіңіздің сырт келбетіңізге мән беріңіз.
Мерген
Бойыңызды күш-қуатыңыз тасып тұр. Сондықтан өнертапқыштық қасиетіңіз артып, осы салада біраз жетістікке жетуге мүмкіндік туып тұр. Ешкімге сенім артпаңыз, тең өзіңіздің ішкі түйсігіңізге ғана сеніңіз.
Тауешкі
Айналаңыздағылармен ақылдасудың қажеті жоқ. Тек ішкі ойға сенім артыңыз. Жаныңыздағылар тек ойыңыздан айнытып, жоспарларыңыздың жүзеге асуына кедергісін келтіретін болады.
Суқұйғыш
Бұл күннің қалай өтері тек өзіңізге байланысты. Егер таңертеңнен болмашыға жүйкеңізді жұқартатын болсаңыз, онда күнұзаққа тек шаршауды ғана сезесіз. Сондықтан уақытты босқа жоғалтпай, көңілді болуға тырысыңыз.
Балықтар
Алға қойған мақсаттарыңызға өзіңіз ойлағаннан де тез жететін боласыз. Өзіңіздің мүмкіндігіңізді басқа салада байқап, қызықты идеяларды жүзеге асыруға болады. Сіздің алғашқы жетістігіңізді көпшілік байқайтын болады.