Қызылорда облысының мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы тағайындалды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен Орынов Ғалымжан Қалдыкөзұлы Қызылорда облысының мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды.
Ғ.Орынов 1975 жылы туған. Қазақ тұтыну кооперация институтын, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік және Шымкент университеттерін бітірген.
1996 жылдан бастап мемлекеттік кірістер органдарында қызмет атқарып келеді.
2007-2011 жылдары – Кентау қаласы бойынша салық басқармасының бастығы.
2011-2018 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары.
2018 жылдан бастап осы кезге дейін Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінде Қаржылық қамтамасыз ету басқармасының басшысы лауазымында қызмет атқарып келді.