Қызылорда мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы тағайындалды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Қызылорда мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы лауазымына Мұстафаев Серік Жолдасбекұлы тағайындалды.
С. Мұстафаев 1960 жылы туған. Қазақ ауылшаруашылық институты мен Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.
Еңбек жолын 1981 жылы Қызылорда қалалық қаржы бөлімінің аға экономисті ретінде бастаған.
1997-2014 жылдары – Қызылорда қаласы бойынша салық басқармасының бастығы, Қызылорда облысы бойынша салық департаменті бастығының орынбасары.
2014 жылдан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы лауазымында қызмет атқарып келді.