Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы тағайындалды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Облыс әкімінің өкімімен Абдусаметов Жақсылық Әбілқасымұлы Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

Еңбек жолын 1994 жылы Жаңақорған ауданындағы Төменарық ауылдық учаскелік ауруханасының дәрігері ретінде бастаған.
2002-2004 жылдары – Сүттіқұдық жанұялық дәрігерлік емханасының аға дәрігері, Жаңақорған аудандық емханасының бөлім меңгерушісі.
2004-2018 жылдары – Жаңақорған аудандық емханасы бас дәрігерінің орынбасары, бас дәрігер, Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.
2018 жылдан бастап осы кезге дейін – Шиелі ауданаралық ауруханасының бас дәрігері қызметін атқарып келді.