Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы тағайындалды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жауапты хатшысының бұйрығымен Байменова Ғалия Абсадыққызы Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымында қызмет атқарып келді.