Қазгидромет: Маусымның 3-і күні жел күшейіп, кей өңірде бұршақ жауады
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Маусымның 3-і күні атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, республиканың кей жерлерінде жаңбыр жауып, оңтүстікте, оңтүстік-шығысында жаңбыр мол көлемде түседі. Республиканың тек батысында ғана жауын-шашын болмайды.
Елдің кей аумақтарында найзағай ойнап, жел күшейіп, дауыл тұруы, бұршақ жаууы ықтимал.
Ақмола, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады. Жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқып, бұршақ жаууы ықтимал.
Павлодар, Алматы, Шығыс Қазақстан, күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді.
Атырау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл болуы мүмкін.
Шығыс Қазақстан, Алматы, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал.
Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл, таңертең және күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді, түнде кей жерлерде найзағай ойнайды.
Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде Қарағанды облысында күндіз күн қатты ысиды.
Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде өрт қауіпі сақталады.