Стив Джобстың әке ретінде жіберген 5 қатесі
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Стив Джобс – әлемге Apple сынды алпауыт компания сыйлаған, технологияға жаңалық әкелген бірегей адам. Оның мансабы заманауи нарықта мінсіз болды деуге болады. Дегенмен, бала тәрбиесіне келгенде оның өзге ата-аналар секілді қателерге жол беретініне көз жеткізуге болады. Оның үлкен қызы Лиза Бреннан-Джобс "Кішкентай шабақ" (Small Fry) атты кітабында өзінің қалай бойжеткенін, отбасымен қарым-қатынасын баяндайды. Ол әкесінің тек ата-ана ретіндегі жетістігін ғана емес, қателерін де сөз етеді.
1. Баланың бойындағы "кінә" сезімін оятпаңыз:
Баламен бетпе бет тілдескен жөн. Оның қателігіне дөрекі әрі қызуқанды жауап берудің қажеті жоқ: ол оның бойындағы өз өзіне деген сенімсіздікді тәрбиелейді. Оның үстіне өзін жиі кінәлайтын болады. Сондықтан, салмақты түрде оның қай әрекеті бұрыс болғанын, қай сұрағы орынсыз екенін түсіндірген жөн.
"—Саған керексіз болған күні маған бересің ғой, иә? — деп сұрадым мен солға қарай қисық әрі сәл сынған ақ бағаналы, тар көшеге бұрыла бергенімізде. Бұрыннан сұрау ойымда жүрген, тек қазір ғана батылым жетті.
— Нені беремін? — деп сұрады ол.
— Көлігің. "Порше",
— ескі көліктерін қайда сақтайды екен деп ойланып кеттім.
— Әрине, жоқ, — тік әрі жекіп жауап берді ол. Бірден қателік жібергенімді ұқтым".
2. Баланы елеп — ескеру:
Кейде балаға бөлінген аздаған көңілдің өзі оны бақытқа бөлейді. Құшақтау, еркелету, сүю немесе мақтау оның психологиялық денсаулығының негізі болмақ.
"— Кейде кешкісін маған "қайырлы түн" тілеп тұра алмайсыз ба? — деп сұрадым мен әкемнен асханада тұрып.
— Не дейсің? — деп қайта сұрады ол.
— Аптасына бір-ақ рет, —дедім мен.
— Өйткені, мен өзімді жалғыз сезінемін.
— Жоқ, кешір — деп ойланбастан жауап берді ол".
3. Баланы жетістігі үшін мақтаңыз:
Бала үшін жетістіктің үлкені не кішісі болмайды. Сондықтан, ол міндетті түрде ата анасының мақтауын күтеді. Ал, селсоқ қарау баланың өз күші мен өзіне деген сеніміне дақ түсіреді.
"Келесі күні көлікте әкеммен турнир жайында әңгімелестік.
— Мен бәрін жеңдім! — деп аздап асыра сілтеп қойдым. Қолымдағы жеңіс кубогін оған көрсеттім, бірақ, мен күткендей қуана қоймады. Сондықтан, қайта бәрін жеңгенімді айттым.
— Білемін, Лиз. Мүмкін саған керегі де сол шығар, — деді ол.
— Түсінбедім?
— Қолыңнан келді. Дәлелдедің.
— Бірақ, бұл жай ғана турнир ғой. Бұдан да басқасы болады. Мүмкін, бұл менің колледжге түсуіме септігін тигізетін шығар.
— Одан да шынайы өмірде күрес, — деді ол.
— Дұрысы, бұл дағдыларыңды керек кезде қолдан. Түкке пайдасы жоқ үйірме".
4. Сырт келбетті сынамаңыз:
Сіздің ойыңыз бала үшін ұзақ жылдар бойына ең маңызды болып қалады. Сондықтан, оның сырт келбетінің жетіспейтін тұстарын айтудың қажеті шамалы немесе дұрыс жеткізе біліңіз.
"Бұл жылы әкем қонаққа тек бір рет келді. Менің бөлмеме қарай сатымен көтеріліп келе жатып ол:
— Аздап салмақ тастасаң дұрыс болар еді.— деді. Мен жазғы демалыста үйге келгенімде ол менімен мүлдем тілдеспеді. Тек біртүрлі қарады да қойды. Мен қатты арықтап кеткен едім...".
5. Баланың өзіңізге тәуелді етпеңіз:
Балалар ер жетеді, олардың өз шарулары мен қызығушылықтары пайда болады. Сондықтан, кейде оның таңдауы мен жұмысына сыйластықпен қараған дұрыс.
Балалар ер жетеді, олардың өз шарулары мен қызығушылықтары пайда болады. Сондықтан, кейде оның таңдауы мен жұмысына сыйластықпен қараған дұрыс.
"—Мен көлікті жіберіп алдым, — дедім тұтқаны көтерген бойда.
— сайлау үшін…
— Лиз, сен үйде мүлдем болмайсың — жауап қатты ол.
— Өзіңді біздің отбасының мүшесі еместей ұстайсың.
— Мен ертең қайта ораламын, — деп ақтала бастадым. —Сайлау…
— Онда шаруам жоқ,— деп тұтқаны қоя салды".
Жақсы маман болу, жақсы дос болу жақсы ата-ана болу дегенді білдірмейді. Кейде ата-ана болу үшін баланың ойы, жағдайы мен күйін сезіне білу керек. Балалардан ылғи ересектерді түсінуді талап етеміз. Бірақ, олар ересек болып көрген жоқ. Ал, ата-ана бір кездері бала болып көрді ғой...