Көршісінен ақша ұрлаған аудан тұрғыны ұсталды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Арал ауданының 29 жасар тұрғыны көршісінің үйіне қонаққа барып, ас бөлмесінде тұрған әмиянынан 30 000 теңге ақшасын жымқырып, оқиға орнынан бой тасалап кеткен.
Полиция департаменті баспасөз қызметінің дерегінше Арал аудандық полиция бөлімімен ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен /ұрлық/ сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілді.
Тергеу барысында күдіктінің жасаған бөтен мүлікті жымқыру іс-әрекеті толығымен өз дәлелін тауып, аталған іс ағымдағы жылдың 1 мамырында сотқа дейінгі жеделдетілген өндіріс тәртібімен электронды түрде аяқталып, сотқа жолданған.
Сот процесінде күдікті өз кінәсін толығымен мойындап, жәбірленушіге келтірілген шығынды өндіріп беріп, кешірім сұраған. Сот үкімімен жәбірленушімен өзара татуласуына байланысты қылмыстық іс өндірістен тоқтатылған.