ҒАЛЫМДАР «G-GLOBAL КОММУНИКАТИВТІ АЛАҢЫ ЖОБАСЫ БОЙЫНША ОНЛАЙН ЖИЫНҒА ҚАТЫСТЫ
Аймақтық кәсіпкерлікті дамыту орталығы мен технологияларды коммерцияландыру бөлімінің ұйымдастыруымен Қорқыт ата атындағы ҚМУ ғалымдары, қызметкерлері және студенттері «Білім, ғылым және ғылыми-әдістемелік конференция аясында «Халықаралық G-Global жобасындағы Қазақстанның жоғарғы оқу орындары және «G-Global – EXPO-2017» болашақ энергия үшін қоғамдық қозғалысында» атты онлайн дөңгелек үстел жұмысына қатысты. Бұл туралы университеттің баспасөз қызметі хабарлады.
Онлайн дөңгелек үстел барысында «G-Global – EXPO-2017» Халықаралық жобасындағы жоғары оқу орындарының негізгі қызмет бағыттарының үйлесімділігі, жобаны іске асыру бойынша университет жұмыстарының модельді жоспарын құру, G-Global халықаралық жобасын және «G-Global – EXPO-2017» болашақ энергия үшін қоғамдық қозғалысын қолдау үшін жастар қозғалысын ұйымдастыру, G-Global платформасын оқу және ғылыми-білімдік үрдісті профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылар деңгейінде пайдалану мүмкіндігін арттыру және уәждеме механизмін регламенттеу мәселелері талқыланды.
«G-Global коммуникативті алаңы жобасы бойынша Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы» ғылым және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Қали Омаров баяндады. Жиынға Қазақстанның 15-тен астам жетекші жоғары оқу орындары қатысып, келелі ой-пікірлерімен бөлісті.