Сайлаудың әділ өтуін «Аманат» азаматтық платформасы қадағалайды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылордада «Аманат» азаматтық платформасының атқарған жұмысының кезеңаралық қорытынды жиыны өтті.
«Аманат» қоғамдық ұйымының жұмысы 22-ші сәуірде басталған. Бүгінде оның бөлімшелері Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен 14 облыс орталығында ашылып отыр.
«Елдің барлық аймағында «Аманат» қоғамдық платформасы сайлаушыларға, журналистерге және тәуелсіз бақылаушы азаматтарға арнап тренингтер өткізілді. Қазіргі таңда «Аманат» негізінде 6 мыңнан астам бақылаушылар оқытылды. ОСК деректеріне сәйкес елімізде барлығы 9967 сайлау бөлімшесі бар, оның 366-сы Қызылорда облысында. «Аманат» АП сайлау бөлімшелерінің алыстығына қарамастан барлығын толық білікті бақылаушылармен қамтуды жоспарлап отыр, - дейді Қызылорда облысы бойынша «Аманат» азаматтық платформасының штаб жетекшісі Анар Изден.
Ал, Қызылорда облысы бойынша есепті мерзімде 35 жиыны ұйымдастырылған. Оның 3-і облыстық деңгейде өткен.
Айта кетейік, «Аманат» азаматтық платформасына 185 қоғамдық ұйымдар қосылған. Қызылорда облысы бойынша 20 қоғамдық пікір көшбасшылары мен 20-дан астам қоғамдық ұйымдар қосылып отыр.