«Саламатты жұмыс орындары»: «Абзал и К» жұмысшыларына спорт алаңын салады
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасында «Саламатты жұмыс орындары» жобасының тиімділігін түсіндіріп, оның аймақта жүзеге асырылу барасымен танысу мақсатында жиын өтті. Оған селекторлық режимде барлық аудан қатысты.
Іс-шара барысында қатысушылар алдымен «Саламатты үзіліс» челленджі бойынша бой сергіту жаттығуларын жасады.
«Саламатты жұмыс орындары» жобасының ұлт денсаулығын жақсартуға, созылмалы аурулардың алдын алу мен жұмыс орнында денсаулықты нығайтуға бағытталған шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ең тиімді бағдарлама екендігі айтылды. Сонымен қатар, әлемдік үздік тәжірибелер таныстырылды.
Қатысушылар жобаға үлкен қызығушылықтарын танытты және қауіпсіз өмір мен еңбек жағдайы үшін жағдай жасау, дене шынықтырумен айналысуға инфрақұрылым құру, жұмыс орнындағы психоәлеуметтік ортаны жақсартуға ықпал ету жолымен жобаны іске асыру маңыздылығын белгілеп өтті.
Аталған жоба қатысушысыларының бірі «Абзал және К» ұйымы спорттың бірнеше түрінен түрлі турнирлерді жиі өткізіп, салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыру үшін жұмысшыларға спорт кешендеріне тегін жолдамалар береді. Алдағы күні қызметкерлерге арналған спорт алаңын салуды жоспарлап отыр.
Жобаның тағы бір қатысушысы «Болашақ» университеті де жоба аясында атқарылып жатқан бірқатар жұмыстарымен бөлісті.
Сондай ақ, Қоғамдық денсалық сақтау ұлттық орталығының қоғамдық денсаулықты нығайту бөлімінің басшысының орынбасары Айгерім Қожахметова «Саламатты жұмыс орындары» бағдарламасының Қызылорда облысында тиімді жүргізілуі мақсатында Қызылорда облысытық жастар денсаулық орталығының, салауатты өмір салтын қалыптасыру орталығының мамандарымен кездесіп семинар-тренгинг жүргізді.