Заңсыз қару-жарақтарды қабылдау акциясы жалғасуда
oldkaz.kyzylorda-news.kz. 2019 жылғы 10 сәуірден бастап республика аумағында тұрғындарда заңсыз сақтаудағы атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша кезекті акция өткізілуде.

Қазіргі таңда барлық қалалық және аудандық полиция бөлімдерінде азаматтар тапсырған атыс қаруының, жарылғыш заттардың, оқ дәрінің техникалық жай-күйі мен оларды тапсырғаны үшін сыйақы белгілеу жөніндегі комиссия құрылды.
Полиция департаментінің дерегінше акция барысында облыс тұрғындарынан барлығы 152 өтініш түсіп, 241 дана қару қабылданды. Қару – жарақ өткізген 43 азаматқа 4 млн тенге көлемінде қаражат төленді.