Жауын-бұршақ, жел - жұма күніне арналған ауа райы
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Синоптиктердің болжауынша жұма күні елімізде жел күшейіп, кей жерлерде жауын немесе бұршақ жауады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл, бұршақ күтіледі, түнде кей жерлерінде жел күшейеді 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, кей жерлерінде екпіні 25 м/с жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Павлодар, Қостанай, Түркістан, Ақмола облыстарының күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Түркістан облысында бұршақ жаууы мүмкін.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с жетеді. Маңғыстау облысының күндіз кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін.
Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қауіпі сақталады.