СУИЦИД – ҚОҒАМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕСІ
Қоғам дертіне айналып отырған өзекті мәселелердің бірі - өз-өзіне қол жұмсау. Осындай келеңсіз жағдайларды болдырмай, алдын алу мақсатында Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ психологиялық қызмет бөлімінің ұйымдастыруымен «Суицидке жол жоқ» атты психопрофилактикалық іс-шара өткізілді.
Аталған шараға Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының психолог мамандары мен мекеменің терапевт-дәрігері қатысты. Іс-шара барысында мамандар қызметкерлерге өмірдің ақ және қара жолақтан тұратындығын, қуаныш пен қайғының қатар жүретіндігін, қандай қиыншылық болмасын күресу керектігін айта келіп, жарқын болашаққа жетелеп, жағымды әсер қалдыратын бірнеше бейнебаяндар көрсетіп, психологиялық тренингтер мен жүзден аса қызметкерге суицидке тәуелділігін анықтау мақсатында психодиагностикалық тест жүргізілді.
Сымбат АБДУЛЛАЕВА,
Психологиялық қызмет бөлімінің бастығы,
өртке қарсы қызмет капитаны