Қазалыда жас кәсіпкерлердің бизнес форумы өтті
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Бүгін Қазалыда аудан әкімі М.Ергешбаевтың қатысуымен жас кәсіпкерлердің бизнес форумы өткізілді. Форумға жиналған жұртшылық қазалылық және Арал Қармақшы аудандарынан келген жас кәсіпкерлердің көрмесін тамашалады.
Форумға орта және кіші кәсіпкерлік саласында белгілі бір дәрежеге жеткен кәсіпкерлер, қаржы институттары мен тиісті сала мамандары және Арал, Қармақшы аудандарынан келген кәсіпкерлік бөлімдерінің басшылары мен кәсіпкерлері де қатысты.
Сонымен қатар, форумда облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары А.Досжанов, «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ облыстық филиалының директоры М.Әлімханұлы, облыстық кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы директорының орынбасары А.Түйменова, «Қызылорда" Өңірлік инвестициялық орталығы» МҚҰ» ЖШС-інің бас сарапшысы А.Айсаутов хабарлама жасады.
Салтанатты жиын барысында елімізге белгілі кәсіпкер азаматтар І.Тілеп пен М.Өтеев кәсіпкерлерге өз лебіздерін білдіріп, жас кәсіпкерлерге сәттілік тіледі. Өңірдің әлеуметтік-экономикасының дамуына үлес қосып жүрген белсенді бірқатар жас кәсіпкерлер аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Сонымен қатар, жас кәсіпкерлер тарапынан ұсыныс-пікірлерін білдіріп және сұрақтарына жауап алумен қатар, жас кәсіпкерлер лебіздерін білдірді.