29 мамыр: Ел тарихында орын алған оқиғалар
1891 жылы екі төбеде орналасқан әскери бекініс - Ақ-Төбе ресми түрде қала мәртебесін алып, Актюбинск қаласы деп өзгертілді. Кейіннен ол Торғай облысының құрамына кірді. 1932 жылдың 10 наурызында Актюбинск Ақтөбе облысының орталығы болды. 1999 жылдың 11 наурызында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ақтөбе қаласы болып өзгертілді.
2006 жылы Ақтөбеде өткен «Арал-Каспий аймағының Еуразияның тарихы мен мәдениетінде алатын орны» атты ғылыми конференцияда қолбасшылық талантымен халықтың есінде қалған Қобыланды батырдың мүсіні таныстырылды. Мәскеу ғалымдары мүсінді батырдың бас сүйегінің қаңқасы бойынша жасап шығарған. Қобыланды батырдың сүйектерін табу - қазақстандық ғалымдар үшін үлкен жетістік. Оның қайда жерленгені туралы көпке дейін белгісіз болған, оны соңғы жылдары ғана Ақтөбе облысының Қобда ауданына жасаған экспедициялардың барысында анықтау мүмкін болды. Мәскеуде танымал антрополог ғалым Михаил Герасимовтың ізін басушылар Қобыландының сыртқы келбетін қалпына келтірді. Тұсаукесер өткен соң, мүсін Ақтөбенің облыстық өлкетану мұражайына берілді.
2012 жылы Қазақстан айтыс пен киіз үй және оның жабдықтарын дайындау өнерін ЮНЕСКО-ның мәдени мұрасының тізіміне енгізу жөнінде ұсыныс жасады. ЮНЕСКО-ның мәдени мұрасының тізімінде әлемнің танымал туындыларымен бірге Қазақстанның үш тарихи-мәдени экспонаты бар - Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Алматы облысындағы Тамғалы петроглифтерінің тас кешені, Сарыарқа мен Солтүстік Қазақстан облысының көлдері мен даласы.
2015 жылы Бурабайда ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысы өтті, оның аясында бірқатар құжаттарға қол қойылды.
2016 жылы мұсылмандар үшін киелі саналатын айда Мәскеуде дәстүрлі түрде өтетін «Рамазан шатыры» акциясының бағдарламасы ресми жарияланды. Бұл - мәдени-ағарту және қайырымдылық жобасы. Оның мақсаты - рухани ағарту, мәдениаралық және конфессияаралық диалогты дамыту, жалпы адамгерішік құндылықтарды насихаттау.
2016 жылы елорда саябағында Олимпиада күні мерекеленді. Онда орталық нысан - қабырғаға келушілердің әрқайсысы Рио-де-Жайнерода Олимпиада ойындарында Қазақстанның атынан шыққан спортшыларға өз тілектері қалдыра алады.