Арнау. Аншлаг. Димаштың концертіне билеттер толығымен сатылып кетті
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Димаш Құдайбергеннің Нұр-Сұлтанда өтетін концертінің билеттері толығымен сатылып кетті.
29 маусым күні өтетін өнер иесінің "Arnau" атты ән кешінің барлық билеттері қазіргі таңда сатылып кеткендігі жайлы өнер иесі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Арнау. Аншлаг. Астана аренадағы концертте кездескенше", - деген әнші өз парақшасында.
Димаш Құдайбергеннің астана күніне орай өтетін концертін халық асыға күтуде.
Айта кетейік, «Астана Арена» 30 мың адамдық орынға арналған. Алайда бұл алаңның өзі Димаштың тыңдармандарына аздық етіп отыр.