28 мамырда ел аумағының басым бөлігінде жел күшейіп, батыста бұршақ жаууы ықтимал
oldkaz.kyzylorda-news.kz. 28 мамырда Республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты батыс, оңтүстік-батыс және солтүстік-батыста жаңбыр жаууы ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сондай-ақ ел өңірінің кей жерлерінде найзағай, тұман, желдің күшеюі, бұршақ жаууы мүмкін, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі. Атырау облысының кей жерлерінде дауыл тұрады, бұршақ жаууы ықтимал, жел 15-20 м/с жетеді. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, күндіз Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күтіледі, Қызылорда облысында шаңды дауыл болуы мүмкін.
Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.
Түнде Қарағанды облысының кей жерлерінде 2 градусқа, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 3 градусқа дейін суытады.
Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде өрт қаупі сақталады.