28 мамыр: Ел тарихында орын алған атауы күндер мен оқиғалар
1869 жылы Елек пен Қарғалы өзендерінің қосылатын жеріндегі екі төбенің үстінде Ақтөбе бекінісінің негізі қаланды. Кеңес Одағы кезінде ол Актюбинск деп аталған. Тәуелсіздіктен кейін қалалық мәслихаттың шешімімен оған Ақтөбе атауы қайтарылды 1993 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ордабасы ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорығын құру туралы» Қаулысы шықты.
1999 жылы Алматыда қазақстандық қаржыгерлердің бірінші конгресі өтті.
2007 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Азия олимпиадалық кеңесінің (АОК) орденімен марапатталды. Кеңестің жоғарғы наградасын Н.Назарбаевқа Азия олимпиадалық кеңесінің президенті, Кувейт мемлекетінің ұлттық қауіпсіздік министрі Шейх Ахмад әл-Фахад ас-Сабах табыс етті.
2013 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Мағжан Жұмабаевтың дүниеге келуінің 120 жылдығына арналған нейзильбер балқымасынан жасалған естелік 50 теңгелік монетасының айналымға шыққаны туралы хабарлады.
2014 жылы Қазақстан мен Қытай үкіметтері төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
2015 жылы Қызылордада күріш өңдеу және құрама жем өндіру зауыты ашылды. Зауыт тәулігіне 80 тонна құрама жем шығарып, 150 тонна күріш өңдейді. Германиядан әкелінген заманауи жабдықпен жарақталған кәсіпорында 250-ге жуық адам жұмыс істейді.