Darmen мобильді қосымшасы іске қосылды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Жедел хабарлау мақсатында смартфондар мен планшеттерге арналған Darmen тегін мобильді қосымшасы іске қосылды, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Қосымша жоғары тиімділікті көрсетті және ағымдағы жылғы 24 сәуірден бастап мобильді қосымша SMS-хабарламамен бірге пайдаланылады. Darmen қосымшасын App Store және Play Market ұялы телефондарына арналған қолданбалар дүкендерінен жүктеп алуға болады.
Мобильді қосымша Android және IOS операциялық жүйесі базасында смартфондар мен планшеттердің барлық иегерлерін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүктеу үшін қолжетімді.