Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Синоптиктер 2019 жылдың 28-30 мамыр аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Мамырдың және көктемнің соңғы күндерінде Қазақстанның көптеген облыстарында температураның жоғарылауы, бірақ жаңбырмен бірге найзағай және екпінді жел күтіледі. Алдағы тәулікте солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік облыстарында жауын-шашынсыз болғанымен, батыс облысы аймақтарында белсенді циклондық құйын қалыптасты, соның салдарынан онда жаңбыр, ал оның шығысқа қарай ығысуымен республиканың қалған аймақтарында жаңбырмен бірге найзағай күтіледі", - делінген хабарламада.