Тұман, жел, бұршақ - Дүйсенбіге арналған ауа райы
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, жел 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.
Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ жаууы ықтимал, жел 15-20 м/с күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ жаууы ықтимал, жел 15-20 м/с күтіледі.
Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с шаңды дауылмен бірге күтіледі.
Түркістан, Қарағанды, күндіз Жамбыл, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күтіледі.
Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының түнде кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Алматы облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Түнде және таңертең Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Түнде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында 3 градус аяз, Шығыс Қазақстан облысында 1-6 градус аяз сақталады.
Жамбыл, Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өрт қаупі сақталады.