Дәрі-дәрмек саудасына бақылау күшейтілді
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Мемлекет тарапынан берілетін дәрінің бағасы өз алдына, енді коммерциялық нарықтағы баға да бақылауда болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Біздің жаңа құқықтық актілердің нормасы бойынша дәрі-дәрмектердің бағасын реттеу жүргізіледі. Бұл жобаны енгізуден күтіп отырған мақсат бар, ол – дәрі-дәрмектің бағасын анағұрлым төмендетіп, халыққа ету. Мемлекет және халықтың белсенді қатысуын қалаймыз. Себебі мәселені бірігіп шешу керек», - дейді Еуразиялық медициналық қауымдастықтың атқарушы директоры Жұпар Байпақбаева.