Алдағы күндері еліміздің солтүстігі мен шығысында үсік сақталады
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Синоптиктер 25-27 мамырға арналған ауа райының болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Синоптиктердің болжауынша, алдағы үш тәулікте ауа райы құбылмалы болады, жиі жауын жауып, күн күркірейді және екпінді жел сақталады.
«Егер еліміздің оңтүстігінде күндіз ауа плюс 28...33°С көтерілетін болса, ал солтүстік және шығыс облыстарда түнде 3°С дейін үсік сақталады.
Бұл Қазақстанның солтүстік аймағына Ресейдің еуропалық бөлігінің солтүстігінен және Жайық өзені бойынан ылғал және суық ауа массаларының келуіне байланысты.
Ал, оңтүстік өңірлерге Орталық Азиядан жылы ауа массалары келеді», делінген хабарламада.