Атақты сән ханшайымы Коко Шанель туралы қызықты 10 дерек
oldkaz.kyzylorda-news.kz. 20-шы ғасырдың ең ұлы әйелдерінің бірі – Коко Шанель. Бұл француз ханымы әйел затына жәй киінуді ғана емес, киімге қатысты жаңа көзқарас, сәнде үлкен революция жасады. Көптеген адамдар Coco Chanel-ді тек бренд ретінде біледі, бірақ осы сән алыбының негізін қалаушы адам жайлы біле бермейді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
1.Оның шын есімі Коко емес
Шын мәнінде, оның өмірге келгенде қойылған шынайы есімі – Габриэль Бохнер Шанель. Ол кішкентай француз қалашығында кедей отбасында дүниеге келген, ата-анасы қайтыс болғаннан кейін сіңілісімен бірге балалар үйіне баруға мәжбүр болады. Бұл кезде Коко 12 жаста еді. Балалар үйінде ол тігуді үйренді және тігіншілік қабілеті оның өмірін өзгертеді. Коко балалар үйінен кеткен кезде шағын кафелерде ән айтуына тура келген. Оның репертуарындағы екі әнге қарап, халық оны "Коко" деп атап кетеді. Көп ұзамай Коко есімі бәріне таныла бастады, ал шын есімі ұмытып кетті.
2. Коко өз жолын сәнді әйелдер қалпағын тігуден бастағанⒸqamshy.kz
Коко әнші мансабымен айналысқысы келмейтінін түсініп, Мулинсқа көшеді. Онда ол өзінің алғашқы махаббаты Этьен Балзанмен кездесті. Алайда оның әйелі болған және өте бай болған. Соның арқасында Коко сәнді өмір сүре бастайды. Этьен Коко өнерінің алғашқы табынушысы болды және іс жүзінде өз сән бизнесін бастауға көмектесті. Тігін шеберлігі мен талғампаздығының арқасында Коко барлық әйелдердің арманындағы қалпақтарды жасай бастады. Париждегі Cambon Street-те өзінің алғашқы дүкенін ашты. Коко бірнеше жыл бойы бас киімдер тігумен айналысып, Парижде бірнеше дүкен ашты, содан кейін коллекцияға киім-кешектер қосқан. Алайда, Шанель өзінің сән империясына толығымен ие болмады. Бүгінгі күні брендке 100% иелік Коконың іскер серіктесі Вертхеймер отбасына тиесілі.
3.Сән әлемінде революция бастады
Коко үшін 1900-ші жылдардың сәні өңсіз, сұрықсыз көрінді. Ол сол сәттегі сәнді өзгеше көзқараспен көрді. Коко ең алғаш шалбарды қоғамдық орынға киіп, революция жасады. Ол сондай-ақ сәнді материалдардан жасалған әйелдер киімінен қалған ескі трикотаждан киім жасаған алғашқы дизайнер және оның киімдері бірден танымал болды. Коко алғаш рет тізеден келетін белдемшені ойлап шығарып, бүкіл қоғамды дүрсілкіндірді. Ол өзінің стиліне ерлердің элементтерін қосып, сол кездегі әйелдерден ешкім күтпейтін бейнелер жасаған.
4. Кішкентай қара көйлекⒸqamshy.kz
Әрбір әйелдің шкафында қара киім бар екені сөзсіз. Бұл үшін біз Коко Шанельге осындай қара көйлек жасағаны үшін алғыс айтуымыз керек. 1920 жылдары оған қара түсті киім жасау идеясы келді, 1926 жылы Vogue-де оның шедеврінің суреті жарық көрді. Бұл сәнді журналда қара көйлек "Шанельдің Форды" деп аталды. Коко құрған барлық нәрсе секілді, кішкентай қара көйлек те сенсацияға айналды. Киноиндустрияда кейіпкерлердің барлығы қара көйлектер киіп, Коко Шанельдің есімін танымал ете түсті.
5.Пиджак
1900 жылдары әйелдер тек қана көйлек киюі керек деген ой қалыптасып кеткен еді. Алайда Коко әйелдер киімнің жаңа түрін қажет ететініне сенді. Шалбар, қысқа көйлек пен ерлердің сәнінің элементтерін әрқашан өз шығармашылығында қолданып отырды. 1925 жылы ол әлемге танымал, классикалық Chanel костюмін таныстырды. Бұл қарындаш юбкамен бірге киілетін пиджак әйелдер сәнінің ең алғашқы кәсіби нұсқасы болды. Коко жүздеген жылдар бойы қатып қалған сәнді бұзып, жаңа революциялық туындыны жасады. Осыдан кейін әйел заты шалбарларды, қысқа көйлектер мен костюмдерді киуді бастады. Алайда алдымен бұл киімдер қоғамда қызу сынға ұшыраған еді.
6.Бауы бар сөмкеhy.kz
Бар әлемде Chanel сөмкесін алғысы келмейтін әйел бар ма? Коко Шанель үнемі түсіп қалатын сөмкені қолға ұстау ыңғайсыз екенін түсінген кезде сөмкеге белбеу қосу идеясы пайда болды. Бұл ойға оны сарбаздардың жіңішке белбеуі бар сөмкесі шабыттандырған. Бұл сөмкелердің алғашқы үлгілері 1920 жылдардың соңында жұртшылыққа ұсынылды. Классикалық Chanel сөмкесі бүгінгі күні "2.55" деп аталады. Бұл атау 1955 жылдың ақпанында сөмкенің жаңартылған нұсқасы шығарылғаннан кейін қойылған болатын. Шанельдің сөмкесі әлі күнге дейін ең танымал және сән индустриясы осы сөмкелерді жоғары бағалайды, сондықтан Шанель сөмкелерінің құны жылдан жылға артып келеді.
7.Коко Шанельдің фашистермен байланысы
Coco Chanel 30 жыл бойы Париждегі Ritz қонақ үйінде тұрған. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Коко неміс офицеріне жұмыс жасап, тыңшы болған деген ақпараттар бар. Кейбір деректерге сүйенсек, Коко өз байланыстарын фашистерге ақпарат беру үшін пайдаланған. Сол үшін фашистер сол кезде жабылып қалған Ритц қонақ үйінде тұруға рұқсат берген. Кейбір адамдар, Коко өз кәсібін сақтап қалу үшін осындай қадамға барған дейді.
8.Хош иісті әтірлердің бірінші желісі
Ⓒqamshy.kz
1919 жылы әтірдің ең алғашқы үлгісі жасалды, алайда ресми шығарылым 1925 жылы басталды. "Chanel әтірлерін" Вертхаймерлер отбасы қаржыландырған, кейіннен олардың арасында меншікке байланысты елеулі келіспеушілік болған. Бірнеше жылғы күрестен кейін, екі жақ жаңа келісімге келеді. Көп ұзамай Коко әлі күнге дейін әлемге танымал жаңа хош иістерді құруға шындап кіріседі. Шанельге қатты ұнаған осы хошиістің бесінші нұсқасы болатын. Chanel №5 хошиісі тегіннен осылай аталмаған. Себебі "5" санын Коко Шанель "ең сүйікті саным" деп есептеген. Оның өміріндегі көптеген жетістіктер осы 5 санымен байланысты екен. Chanel №5 хошиісінің атағы, әсіресе, Мэрилин Монроның жарнамасынан кейін арта түскен. Бүгінгі таңда, "Chanel N5" ең жақсы сатылатын әтір болып саналады. Қазір әлемде 30 секунд сайын оның бір данасы сатылып жатады.
9.Коко Шанель тұрмысқа шыққан жоқ
Оның өмірінде бірнеше рет махаббат оқиғалары болса да, ол ешқашан тұрмысқа шыққан жоқ.
10.Коко Шанельдің мансабындағы 15 жылдық үзіліс
Коко Шанель 1938 жылы сән әлемін қалдыру туралы шешім қабылдады, және ол 15 жыл бойы шығармашылығынан қол үзеді. Дизайнер Кристиан Диор мен Кристобаль Баленсианның танымалдығы артып тұрған сәтте, 1954 жылы өзінің костюмі мен басқа да туындыларының жаңартылған нұсқасымен мода үйін қайта ашып, Париж тұрғындарының сынына қалады. Себебі, халық фашистермен ынтымақтастықта болған Коконы жағымсыз қабылдады. Бірақ сол уақытта ол АҚШ пен Британия нарығын жаулап алды.
"CHANEL" сән үйінің негізін қалаған атақты француз дизайнері, XX ғасырдың сән саласына көптеген жаңалықтар енгізген сәнгер Коко Шанель 1971 жылдың 10 қаңтарында 87 жасында Риц отелінде қайтыс болады. Жүздеген адам жерлеу рәсіміне Chanel костюмімен келеді. Ондаған жылдардан кейін белгілі модельер Карл Лагерфельд Шанельдің жұмыстарын өз қолына алып, Chanel компаниясы бүгінге дейін өз жұмысын жалғастырып келеді.