«Сөз маржаны» зияткерлік байқауы өтті
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» республикалық ғылыми-ағарту жобасы аясында облыстық «Сөз маржаны» зияткерлік байқауы өтті. Оған аудан орталықтары мен Қызылорда қаласынан түрлі этнос өкілдері қатысып, бақтарын сынады.
Бес кезең бойынша ұйымдастырылған іс-шара қатысушылары мақал-мәтелдердің жалғасын табу, ой-тұжырымын ашу, қойылған жұмбақтың шешімін тауып, орыс, ағылшын тілдеріне аудару, фразеологиялық сөз тіркестерінің балама мағынасын айту т.б. сынды шарттарды орындап, үздіктер анықталды.
Байқауға арнайы тіл мамандары қазылық жасап, қатысушылар мен жеңімпаздар ұйымдастырушылар тарапынан диплом, алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталды.