Қызылордалық полицейлер блогерлермен кездесті
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Арыстанғани Заппаров қоғамдағы белсенді блогерлерімен кездесті, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Белсенділер жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, қала көшелеріндегі қажетті жол белгілерін орнатуға, сондай-ақ полиция қызметкерлерімен қылмыстың алдын алу бағытында тұрақты түрде жүргізілетін рейдтерге, ұйымдастырылатын ацияларға қатысатындарын да атап өтті.
Кездесу соңында блогерлер ашықтық саясатын жандандырған департамент бастығы Арыстанғани Заппаровқа алғыстарын айтып, ізгі тілектерін білдірді.