Жұлдыздар не дейді?
oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 25 мамырға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Тоқты
Қосымша қаражат тығырықтан шығарады деп ойласаңыз қатты қателесесіз. Орын алып жатқан жағдайды қаз-қалпында қабылдап үйреніңіз. Кейде мұндай іс-әрекет өз пайдасын тигізетін болады.
Торпақ
Бүгінгі күннің оқиғалары сізді қызықтыратын болады. Бұл күнді сіз мерекеге айналдырып, айналаңызға қуаныш сыйлайсыз. Әр сәтіңізді бағалай біліп, жақындарыңызды қуантуға тырысқаныңыз көпшілікке ұнайтын болады.
Егіздер
Бүгін сізге тағдырдың өз тартуы бар. Көздеген мақсатқа қол жеткізу кейде қиындық туғызады. Сондықтан кейбір армандардан бас тартқан абзал. Өз күшіңізді босқа сарп етпеңіз. Оны келесі мақсатқа сақтаңыз.
Шаян
Бүгін жаңа ұжымда немесе өзге жерде боласыз. Өзіңізге таныс емес жерде болу айтарлықтай қорқынышты емес. Керісінше сізге ірі көлемде өткізілген іс-шарада болу қуаныш сыйлайтын болады.
Арыстан
Тек қана алға! Өзіңіздің ойыңызды жүзеге асыруға ұмтылыңыз. Ешкімнен, ештеңеден қорықпай, алға қарай батыл қадам жасаңыз. Бүгін сіз көп жетістікке қол жеткізе аласыз.
Бикеш
Бүгінгі күніңіз, сіздің іс-әрекетіңіз тұрақты емес. Атқаратын барлық шаруаларыңыз бен мінез-құлқыңыз сіздің көңіл-күйіңізге байланысты болмақ. Сондықтан оңаша қалып демалғаныңыз жөн.
Таразы
Жұмысты жақсы көріп жасасаңыз, барлығы ойдағыдай болады. Жалпы өмірден де ләззат ала білу қажет. Дәл қазіргі уақытта осылар сізге жетіспей тұрған секілді. Жабырқаулы күйде жүрмегеніңіз дұрыс.
Сарышаян
Денсаулығыңызды күтіңіз. Қайырымдылықпен айналысыңыз. Мойныңызға жауапкершігі зор жұмысты алып, оны соңына дейін жеткізу қиынға соғады. Бірақ тапсырманы соңына дейін жеткізесіз
Мерген
Тым белсендісіз. Жұмыста да, үйде де барлық шаруаны лезде атқарып, тыным таппайсыз. Бұл іс-әрекетіңіз кейбір әріптестеріңізге ұнамауы мүмкін. олардың жұмысты асықпай істеуі сіздің де жүйкеңізге тиеді.
Тауешкі
Жаңа жұмыс бастауға, болашағы зор жоспарды жүзеге асыруға қолайлы күн. Зейініңізді жаңа жұмысқа, жаңа жобаға аударасыз. Сонымен қатар бүгін мерекелік іс-шараны ұйымдастыруға атсалысып, керемет көңіл-күйде боласыз.
Суқұйғыш
Мақсатыңызға жетесіз. Көптен бергі жоспарды жүзеге асыру үшін барлық мүмкіндікті пайдаланып қаласыз. Бірақ өзгелердің де қалауын естен шығармаңыз. Әйтпесе, оларға да, өзіңізге де қиындық туғызып аласыз.
Балықтар
Кейбір теріс мінезіңізді түзету үшін барынша тырысасыз. Оны қазірден қолға алу сіз үшін маңызды болмақ. Бір мәселеге бола бас қатырудың қажеті жоқ. Бұл сіздің мінезіңізде өзімшілдік туғызатыны анық.