Жұлдыздар не дейді?
oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 24 мамырға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Тоқты
Өміріңізде оң өзгерістер орын алады, сондай-ақ біраз жетістіктерге жетесіз. Бірақ барлық жақсылық өздігімен келмейтінін біліңіз. Еңбектеніңіз, нақты шешім шығара біліңіз. Жақындарыңызбен басқосыңыз.
Торпақ
Ішкі түйсігіңізге сеніңіз. Ол сізді мақсатыңызға жетуге көмектеседі. Өзге адамдардың сезімін, не ойлайтынын айтпай-ақ ұғасыз. Сондай-ақ қарсыластарыңыздың да іс-әрекетін бағамдай аласыз.
Егіздер
Сіз бүгін өзіңізге тапсырылған барлық тапсырмаларды орындап болдыңыз. Енді бүгін ешнарсеге алаңдамастан демалғаныңыз дұрыс. Жақындарыңызбен немесе басшылықпен сөзге келіп қалудан сақтаныңыз. Себебі ұрыс-керістен көп күш жоғалтасыз.
Шаян
Бүгін сіз сәнгерлердің, дизайнерлердің ақыл-кеңестеріне жүгінесіз. Бұл мамандарға сенім артқаныңызбен, емші-балгерге сенбегеніңіз жөн. Себебі халықтық ем-дом өзгелерге жақсы әсер еткенімен, сізге оң нәтиже бермейді.
Арыстан
Үй ішіндегі тірлік ешқашан біткен емес. Бүгінгі күніңіз соларды атқарумен-ақ өтеді. Сонымен қатар жақындарыңызға да сіздің көмегіңіз қажет. Сондықтан мықты болуға тырысыңыз.
Бикеш
Денсаулығыңызға абай болыңыз. Соңғы уақытта бауырыңыз жиі мазалап жүрген сыңайлы. Майлы және тұзды тағамдардан бас тартыңыз. Спортпен шұғылданыңыз. Сонда дене бітіміңіз де, ас қорыту жүйесі де қалыпқа келеді.
Таразы
Бүгін маңызды іскерлік кездесуді ойдағыдай өткізіп, пайдасы зор келісімге қол қоясыз. Материалдық жағдайыңыз жақсы. Дегенмен алдағы күндеріңізді де жоспарлап жүруіңіз керек.
Сарышаян
Материалдық жағдайыңыз жақсарып, жұмысыңыздың да берекесі артады. Баспаналы болуды армандап жүрсеңіз, ол арманыңыздың да орындалуына аз қалды.
Мерген
Сіздің өнертапқыштығыңызға тәнті болатындар көп. Жаңа идеяларыңызды қолдайтындар табылады. Сонымен қатар сіз кез келген мәселенің шешімін таба аласыз.
Тауешкі
Бүгінгі күнді тек өзіңізге арнаңыз. Сүйікті ісіңізбен айналысыңыз. Кішігірім саяхатқа шығуға да болады. Әсіресе теңіз жағасына барып, толқындарды тамашалаңыз. Не болмаса моншаға барып, жағымсыз энергияларды сумен шайыңыз
Суқұйғыш
Сенім артқан кейбір жобаларыңыз оң нәтиже бермеуі мүмкін. Оған бола көңіл-күйіңізді түсірмеңіз. Дегенмен жоба жүзеге аспағандықтан, қолыңызда бар қаражатты үнемдеп жұмсаңыз.
Балықтар
Сізге сырттай ғашық жандардың бар назарын өзіңізге аудара аласыз. Бірақ оларға өз сезімдеріңізді толық жеткізе алмайсыз. Себебі оның алдында сіз өте дәрменсізсіз.