Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына жаңа басшы келді
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы болып Берік Ниеталиев тағайындалды.
Берік Сангилбайұлы 1977 жылдың 29-қыркүйегінде Қызылорда облысының Шиелі ауданында дүниеге келген. 1998 жылы Қарағанды экономикалық университетінің «Бухгалтер - экономист» мамандығы бойынша білім алған. 2001 жылы Қарағанды экономикалық университеті - «Арнайы пәндердің оқытушысы», 2016 жылы КАЗ ГЮУ акционерлік қоғамы - «Құқық бакалавры» мамандықтары бойынша білімін жетілдірген.
Шиелі ауданы бойынша Салық комитетінде бас маман, бөлім бастығы болған. 2013-2018 жылдары Қызылорда облысы бойынша Салық департаментінде бөлім басшысы, 2018 жылы Жаңақорған ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары, басқарма басшысы қызметтерін атқарған.