Қазақстанның басым бөлігінде үсік жүреді
oldkaz.kyzylorda-news.kz. «Қазгидромет» РМК 23 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кей жерлерде найзағай, тұман, желдің күшеюі, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Атырау облысынын кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз найзағай, бұршақ күтіледі.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, күндіз найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Түркістан, Павлодар, Қостанай, Қарағанды облыстарында түнде және таңертен Алматы, күндіз Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз Павлодар облысында найзағай күтіледі.
Түнде Павлодар облысының кей жерлерінде 1-6 градус, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанда облыстарында 3 градус, Шығыс Қазақстан облысында 2 градус үсік сақталады. Қызылорда, Түркстан, Алматы, Ақтөбе облыстарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.