23 мамыр: Ел тарихында орын алған оқиғалар
1996 жылы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қаулысымен «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сәйкестігін қалыптастыру тұжырымдамасы» мақұлданды.
2000 жылы Еуропарламент өкілдері «Қазақстан Республикасы - Еуропалық одақ» бағдарламасы шеңберінде парламентаралық комитеттің алғашқы отырысын өткізді.
2012 жылы Алматыда мәслихаттың кезекті отырысында Алматы қаласының шекарасын өзгерту туралы шешім қабылданды. Қала аумағына Алматы облысының жалпы ауданы 11 мың 921 гектарды құрайтын Қарасай мен Талғар аудандарының жерлерін қосу шешілді.
2013 жылы Елордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен VI Астана экономикалық форумы мен Бүкіләлемдік дағдарысқа қарсы конференциясының салтанатты ашылуы мен пленарлық отырысы өтті. Форумға 90-нан астам елдің 10 мыңға жуық өкілі қатысты. Олардың арасында мемлекет және үкімет басшылары, танымал саяси және қоғам қайраткерлері, халықаралық ұйымдар мен бизнес-бірлестіктердің жетекшілері, белді зерттеушілер, Нобель сыйлығының лауреаттары, сондай-ақ әлемдік БАҚ өкілдері болды.
2015 жылы Нұр-Сұлтан мен Алматы жазғы демалыс үшін жайлы ТМД-дағы үздік қалалар қатарына енді, ал курорттар бойынша - Бурабай кірді. Рейтинг турфирма көмегінсіз саяхаттайтын туристердің 2015 жылғы 1 маусым - 31 тамыз аралығында қонақүйлерде броньдаған нөмірлерінің деректері негізінде ұсынылды. Алғашқы ондыққа Минск, Ереван, Баку, Кишинев, Алматы, Киев, Астана, Витебск, Бішкек және Одесса кірді.
2016 жылы өзінің әдеби-қоғамдық қызметінде Әзербайжан елінің жетістіктерін көпшілікке танытуда елеулі үлес қосқаны үшін қазақтың көрнекті ақыны, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов Әзербайжан Республикасы Президентінің Құрмет дипломымен марапатталды. Қазақстанның халық жазушысына марапатты ҚР-дағы Әзербайжан Елшісі Рашад Мамедов «Ұлы дала» гуманитарлық ғылымдарының 1-ші форумы барысында табыс етті.