Жұлдыздар не дейді?
oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 23 мамырға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Бүгінгі күн аздап қиындау болады. Жақындарыңызбен қарым-қатынасты түзетемін деп әбігерге түспеңіз. Қиын тапсырмалардың жауабын табамын деп өзіңізге қиындық тудырып алмаңыз.
Торпақ
Қордаланып қалған мәселелерді шешуге тырысыңыз. Ол мәселелерге сіз көптен бері көңіл бөлмегеніңіз анық. Түстен кейінгі уақытта маңызды ақпаратқа қол жеткізесіз.
Егіздер
Қиын тапсырмаларды өз мойныңызға алмауға тырысыңыз. Күш-қуатыңызды бос әңгімелерге, келіспеушіліктерге жұмсамаңыз. Біліміңізді жетілдіру сіз үшін қиынға соғады.
Шаян
Бүгін қызметіңіз жоғарылап, табыс табудың жаңа көздері пайда болады. Сонымен қатар сүйікті ісіңізді қолға аласыз. Өзіңіздің ұстанымдарыңыздан таймаңыз. Өзгелерді әңгімелеудің қажеті жоқ.
Арыстан
Өткенді ойлап бас қатырмаңыз. Жаңашылдыққа ұмтылыңыз. Біліміңізді жетілдіріп, алдыңызға мақсат қоя біліңіз. Оған жетуде қателіктер, қиындықтар болуы мүмкін. Алайда сіз мойымаңыз.
Бикеш
Өзіңізге керек емес заттардан құтылыңыз. Тек заттардан ғана емес, сондай-ақ сізге қуаныш сыйлай алмайтын, көңіліңізге қаяу түсіріп жүрген қарым-қатынастарды да үзіңіз. Қандай да бір ұсыныс алсаңыз да, оның жауабын беруге асықпаңыз.
Таразы
Тәртіп орнатып, айналыңыздағылардың мазасын алмаңыз. Әр нәрсеге бола күйгелектенудің қажеті жоқ. Бүгін жаңа өмірге қадам басып, белсендірек болыңыз. Кез келген істі қолға алуға тырысыңыз және тәуекелге бел буыңыз.
Сарышаян
Бүгін қайырымдылық жасайтын күніңіз. Ішкі эмоцияңызды шығаруға, өз сезіміңізді білдіруден және махаббатыңызды мойындаудан қорықпаңыз. Әлдекімдермен келіспей қалудан және өмірге өкпе артудан арылыңыз.
Мерген
Тез әрекет етсеңіз, әрбір ісіңіз нәтижелі болмақ. Жоспар құрып уақытты босқа кетіріп алмаңыз. Дүкен аралап көңіліңізді көтеремін деп ойласаңыз, ол ойыңыз жүзеге аспайды.
Тауешкі
Жаман әдеттерден арылып, салмақ тастауды ойлап жүрсеңіз бүгінгі күн өте қолайлы. Бүгін өзіңізді қызықтырып жүрген істерді тізіп, өзіңізге қуаныш сыйлайтын жұмыстармен айналысыңыз.
Суқұйғыш
Эмоцияға көп берілмеңіз және өзіңізге көп салмақ салмаңыз. Жақын адамыңыздан қарыз алуыңызға болады. Дүкен аралайтын болсаңыз, бүгін жолыңыз болатынына сеніңіз. Бірақ электронды жабдықтар сатып алмағаныңыз жөн.
Балықтар
Таңертеңгілік ештеңе жоспарламаңыз. Өткен істердің нәтижелерін талдап, таразылауға және алдыңызға мақсат қоюға өте қолайлы күн. Кешке қарай театрға, мейрамханаға немесе қонаққа барыңыз.