Алдағы күндері қай өңірлерде үсік жүреді
oldkaz.kyzylorda-news.kz. 23-25 мамыр аралығында Қазақстанның оңтүстігінде қатты жаңбыр жауып, солтүстігінде үсік жүреді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Елдің оңтүстік бөлігінде найзағай соғып, жауын жауады деп болжанады. Ал, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында ауа температурасы климаттық нормадан 2…6°С төмендеп, күшті жаңбыр жауады дейді. Сондай-ақ, Қазақстанның солтүстігі мен орталығында және шығысында алдағы түндері 3°С үсік жүреді деген болжам жасалды.