Жүргізушісіз электр автобусы іске қосылды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Ослода 11 орындық жүргізушісіз автобус іске қосылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
Салтанатты рәсімге қатысқан Норвегия астанасының мэрі Марианна Борген аталған көлік құралы сәтті пайдаланылған жағдайда кеңейтілуі жоспарланып отырған пилоттық жоба екенін атап өтті.
Тағы бір ерекшелігі - көлік құралы электронды. Әзірге электр автобусының қозғалысын жолаушыларға қызмет көрсететін маман бағыттап отырады, қажет болған жағдайда ол көлікті жүргізуге дайын болады.
Бұған дейін мұндай жоба елдің оңтүстігінде сыннан өткен болатын. Онда автобустар жолаушыларды 2 шақырым қашықтыққа тасымалдады.