2020 жылдан бастап 18 жасқа дейінгі балаларға медициналық көмек тегін болады
oldkaz.kyzylorda-news.kz. 2020 жылдан бастап емханалар мен ауруханаларда медициналық көмек, оның ішінде қымбат диагностикалық және зертханалық қызметтер, 18 жасқа дейінгі балаларға тегін көрсетіледі. Себебі балалар мемлекет тарапынан сақтандырылатын жеңілдігі бар азаматтардың 13 санаттарына кіреді.
«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне (ТМККҚ) ендірілген пакетінде: жедел жәрдем және санитарлық авиация, бастапқы медициналық-санитарлық көмек, шұғыл жағдайларда стационарды алмастыратын және стационарлық көмек, паллиативті көмек. Әлеуметтік маңызы бар аурулар, негізгі созылмалы аурулар кезінде: консультативті-диагностикалық қызмет, амбулаторлық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, жоспарлы стационарлық және стационарды алмастыратын көмек, туберкулезге шалдыққандарды медициналық оңалту», - дейді Қызылорда облысы бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының бас сарапшысы Абылайхан Рахымов.
Айта кетейік, 18 жастан асқан азаматтар жоспарлы ауруханаға жатқызылған кезде қосымша дәрігерлік қызметтерді (МӘМС пакеті) алу үшін жалпы практикалық дәрігерден жолдама алу қажет.