Байқоңырда діни араздық тудырған азамат сотталды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Байқоңыр қалалық сотында әлеуметтік желі арқылы діни араздық тудырған 32 жастағы азаматқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл дерек бойынша аталған азаматқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді. Байқоңыр қалалық сотымен құқық бұзушы кінәлі деп танылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Байқоңыр қалалық сотымен үкімімен оның 3 жылға бас бостандығынан шектелді. Сондай-ақ, ол пробациялық бақылауға алынды.