Жұлдыздар не дейді?
oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 22 мамырға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Тоқты
Жақындарыңызбен қарым-қатынасыңызды жақсартуға тырысыңыз. Өз-өзіңізді қазірден қолға алмасаңыз, жаныңызға жақын адамыңызды ренжітіп алуыңыз мүмкін. Ешкімге уәде бермеңіз. Бүгін уәдені орындау қиын болады.
Торпақ
Бүгінгі күн ең маңызды мәселелерді шешуге қолайлы күн. Өзіңіз толықтай сенім арта алатын достар немесе серіктестер табасыз. Олардың арасында өте ықпалды адамадардың да болуы ғажап емес. Олар сіздің шығармашылығыңызды шыңдауға көмектеседі.
Егіздер
Жеке өміріңізде өзекті мәселелер орын алады. Бірақ оның барлығын жүрегіңізге жақын қабылдамаңыз. Жақын адамыңызбен ашық әңгімелесіп, оған сенім артыңыз. Сонда ғана мәселелерден тез арыласыз.
Шаян
Бүгін жолыңызда кездесетін барлық кедергілерді ішкі түйсігіңізге сүйене отырып, тек өзіңіздің алға ұмтылуыңыздың арқасында жеңе аласыз. Сонымен қатар бұл күн романтикалық кездесу ұйымдастыруға өте қолайлы.
Арыстан
Өзіңіздің күш-қайратыңызды біліп, жағдайды бағамдай білсеңіз, барлық тапсырманы орындай аласыз. Оңаша кездесуде маңызды мәселелерді талқыламаңыз. Отбасында аздаған кикілжіңдер орын алуы мүмкін.
Бикеш
Қиялға көп ерік бересіз. Алысқа көз тігіп, болашағыңыз туралы көп ойланасыз. Бірақ дәл қазіргі сәтті де ұмытпаңыз. Алдағы күндер туралы ойлап жүргенде, бүгінгі күніңізді сағымға айналдырып алмаңыз. Дәл қазіргі сәтте өмір сүріп үйреніңіз.
Таразы
Керемет күн. Қиын тапсырмаларды орындап, маңызды сауалдарға жауап табасыз. Отбасыңызда жақсы жаңалық орын алып, қуанышқа кенелесіз. Отбасылық мереке ұйымдастырып, қуанышыңызға достарыңызды шақырыңыз.
Сарышаян
Ескі таныстармен басқосу қызықты өтеді. Олармен барлық тақырыпта әңгімелесіп, жоспарларыңыз туралы айтсаңыз да болады. Күтпеген жерден жоспарларыңыздың жүзеге асуына көмек көрсететіндер табылады.
Мерген
Күніңіз сәтті басталады. Іскерлік кездесулер ұйымдастыруға қолайлы күн. Жаңашылдыққа ұмтыласыз. Бүгінгі күн саудаласуға және мерекелік кешті өткізуге өте ыңғайлы. Достарыңызға сенім артыңыз, олар табысқа жетуіңізге көмектеседі.
Тауешкі
Еңсеңізді түсірмеңіз. Аздаған қиындықтар мен сәтсіздіктерге мойымаңыз. Алдағы күндеріңіз жақсы болатыны анық. Тек қателіктерге бой алдырмай, маңызды шаруаларды өз жауапкершілігіңізге алмаңыз.
Суқұйғыш
Бүгін өзіңізді көрсету үшін мүмкіндіктер өте көп. Бірақ табысқа жету үшін жалғыз жорытқаныңыз жөн. Әріптестермен бірігіп жұмыс жасауда сіздің еңбегіңіз еленбей қалуы ықтимал. Бүгінгі күн махаббатқа, романтикаға толы болмақ.
Балықтар
Орындалмай қалған ескі жұмыстарды аяқтауға тырысасыз. Ашуға берілетін болсаңыз, көп қателікке бой алдырасыз. Сондықтан сабырлы қалпыңызды сақтауға тырысыңыз. Жаңадан танысқан адамдармен абай болыңыз.